Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  117


Автор: Гүлайша Ерахмет

Гүлдер

Ара ұшып кеткеннен соң,
Гүл біткен жылайды екен,
Себебі, көңіліне сол ара ұнайды екен.
Сол үшін азап шегіп, сол үшін мұңаяды,
Қайтадан үнін естіп қалсам деп қылаяғы.
Ара ұшып кеткеннен соң,
Гүл біткен күрсінеді,
Қалады өкініште, сол болып шын сүйері.
Қадірін білгізуге
ара алыс ұшар мүмкін,
Гүл көп қой бірінен соң
Біреуін құшар мүмкін.
Ара ұшып кеткеннен соң,
Гүл қайта жайқалады,
Араны жолатпа деп əлемге жар салады.
Ол сөзді тыңдайтұғын құлақ жоқ жас гүлдерде,
Аралар айналсоқтап жүр əне, ақ гүлдерде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу