Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  87


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Өлең болам өмірдің өрнегіне...

Өлең болам өмірдің өрнегіне,
Сезім мұңым соңымнан ермеді ме?
Айналамды қоршаған сұрақ белгі,
Айналдым ба тағдырдың ермегіне?
Қара басып жүректі жара басып,
Көңіл мұңы лай судай араласып.
Ақ қайыңға қонғандай қарға келіп,
Өкінішім кетпейді жағаласып.
Өзімді де өзгені танымадым,
Кіріп алған қараңғы жаныма түн.
Тық-тық еткен белгілі уақыт келсе,
Бомба бардай кеудемде жарылатын.
Мен өзімді іздеймін анда-санда,
Қанатына қиялдың жармасам да.
Жүрегінде оты бар қызыл шоқпын,
Өшкенім жоқ лапылдап жанбасамда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу