Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  428


Автор: Ақылбек Манабаев

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

Сынып қалып далада
Тракторы әкемнің,
Тиеп алып шанаға
Жалғыз сүйреп әкелдім.
***
Бесікте жатқан кезімде,
Болмапты мүкіс сөзімде.
Тілім шықпай жыр жаздым,
Беріліп терең сезімге.
***
Құдіретін білімнің
Бірге жетпей ұғындым.
Аяқтанбай жатып-ақ,
Жарысқа түстім, жүгірдім.
***
Не құтылмақ ақыл менен өр күштен,
Бұл жағынан мен ешкімнен кем түспен.
Қапшағайлық балалар таң қалсын деп
Китті аулап алып келдім Ертістен.
***
Алатаудың кезіп шыңын, бар құзын,
Алты ай жүріп, азық еттім қар-мұзын,
Суық тасқа табанымды қыздырдым,
Иланбасаң барып көрші, қалды ізім.
***
Ақ қағаздан жасап алған қайыққа
Міндім дағы, серуендедім Жайықта.
***
Қолдан жасап шыбық ат,
Жөнелдім мен мініп ап.
Жеті күнде жер шарын
Жеті айналдым зымырап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу