Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  76


Автор: Ақылбек Манабаев

АҢСАУ

̶ Биікке самғаған,
Аспанды шарлаған,
Шарықтап ұшса да
Қанаты талмаған!
Айтамын мен бүгін,
Айналған жерді мың,
Космонавт ағаның
Ғажайып ерлігін.
Шолпанға қонуды,
Жұлдызды шолуды,
Аңсаймын мен-дағы
Космонавт болуды.
̶ Таудай ғой талабың,
Өсе бер, қарағым, ̶
Деп атам құптаса,
Мәз болып қаламын.
Ізденбей бірақ та,
Бармайсың жыраққа
Білім мен тек еңбек
Жеткізер мұратқа.
Қиял да ғажап-ақ,
Тербейді мазалап.
Ал мамам:
̶ Алдымен
Бол, ̶ дейді, ̶ азамат




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу