Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  127


Автор: Ақылбек Манабаев

ҚАР

Сыртқа шықсам ертемен,
Қар басыпты жер бетін.
Жапқандай ақ көрпемен
Өзгертіпті келбетін.
Әжем айтты:
̶ Жарықтық,
Қар ғой жердің ырысы,
Елді дәнге қарық қып
Қызар диқан жұмысы.
Қуаныштан лүпілдеп,
Соқты менің жүрегім.
Ақ қар жауа түссін деп
Шын ниетпен тіледім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу