Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  225


Автор: Ақылбек Манабаев

ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МАВЗОЛЕЙІН КӨРГЕНДЕ

Кел,
Кел, кәні,
Ірікпе жатсынып сыр,
Кеңдік пе өзі керегі,
Бас сұғып кір!
Кайрат пенен қаталдық сарайы бүл,
Әр тасында мөлдіреп жас тұнып түр.
Бедерінен жарқ етер жарастық паң,
Сұлулық па керегі,
Карап, сұқтан!
Карапайым қазақтың қолы ма екен,
Осынау нақыштарды қалап шыққан?!
Өрнектерден ой өріп қаншама ұтқыр.
Тарих сені «таны» деп қарсы алып тұр.
Күбір етсең, күмбезі күмбірлейді.
Жібергендей тұс-тұстан ән салып қыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу