Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  78


Автор: Ақылбек Манабаев

ЖИДЕБАЙҒА БАРҒАНДА

Армысың,
Ой соңында шарқ ұрғанда
Ақын жанын бесік болып тербеткен жер.
Армысың,
Ту биікке талпынғанда
Қыран шабыттың қанатын серметкен жер
Армысың,
Абай басқан
Қырмызы қыр, қиян жазық.
Армысың,
Арайлы аспан
Болған ұшқыр қиялға азық,
Армысың;
Адал махаббатты,
Ардақ тұтып аялаған жер.
Армысың
Шапағатты,
Талайлар пана тауып, саялаған жер.
Армысың,
Қыз-көктемнің
Мәңгілік бояуына малынған жер.
Армысың,
Сені алыстан іздеп келдім,
Өлмес жырдың оты жағылған жер.
Қөрмегендер сағынған жер,
Қөргендер тек сыйынып табынған жер...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу