Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  114


Автор: Ақылбек Манабаев

БАЛЫҚШЫ ДОСЫМА

Көк айдынға күн еркелеп,
Кірпіктерін жатыр малып,
Бүгін тағы түрды ертерек
Балықшылар — батыл халық.
Ескегіңді қолыңа ал да,
Сен де айдынға кетші жүзіп.
Омырауыңмен соғып, алға,
Толқын төсін өтші бұзып.
Мөлдір аспан кешке қарай
Сеуіп соңғы шұғыласын,
Толқын жалын сүйіп арай,
Ұясына күн құласын.
Тұн қойнынан төніп тыныш,
Ақ бәтестің қиығындай,
Айдынға нұр — төгіп күміс,
Дірілдесін иығында ай.
Көкірегіңді жалын құшқан
Тентек дауыл екпіні ұрып,
Мамырлатсаң сағынышты ән
Жағалауға бетті бұрып.
Терезеден ымдап үміт,
Жар бейнесі көлбең еткен,
Жіберер-ау нұрландырып,
Өн бойыңды тербеп отпен...
Туған жерің мынау жайсаң,
Жасыл шалғын жайқалады.
Топырағына бір аунасаң,
Жанын жасап, жай табады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу