Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  100


Автор: Ақылбек Манабаев

Туған жер

О, туған жер,
Тобықтай ғана жүрекпен,
Топырағыңа аунап түсіп,
Өстім жақсы тілекпен,
Сені сүйіп, лаулап құшып.
Ерке қыздың назы ма
Аңқылдаған самалың?
Елжіреп, елтіп сазына
Мәз болып рақат табамын.
Көктеміндей көңілім,
Ақ қардай кірсіз арым да.
Өзіңдей шалқар өмірім,
Бөлеген жанды жалынға.
Сенсің дарқан баспанам,
Қуанбай, неге жасимын!
Кеудемде күй мен асқақ ән,
Шарықтап, шалқып, тасимын.
Нұр тамған айлы кешіңе,
Алаулы оймен төнемін,
Қалса екен дейміз төсіңде
Жалау боп мәңгі өлеңім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу