Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  200


Автор: Ақылбек Манабаев

СЕНІҢ ӘНІҢ

Сенің әнің сыңғырындай бұлақтың,
Естідім де, елжіредім, ұнаттым.
Күлім қағып, күміс нұрын басқандай,
Көкжиектен көкірекке құлап күн.
Сенің әнің сыбдырындай құрақтың,
Ай толықсып, ұйып тыңдап тұр ақ түн.
Махабаттың сазыменен сәулем-ай,
Шын ынтызар жүрегімді жылаттың.
Сенің әнің лебіндей пәк самалдың,
Тамылжыта әлдилеген таң алдын.
Отты үніңмен ояттың ғой сезімді,
Ал өзіңді қайдан іздеп табармын?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу