Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  112


Автор: Ақылбек Манабаев

КӨЗІҢ СЕНІҢ

Сусын болған тіршілікке жердегі,
Көзің сенің мөлдіреген көл ме еді?
Көз болса егер,
Тамшысына ынтығып,
Бұлқынып бір
Бұла жүрек шөлдеді.
Бар әлемге сыйлап тұрған өмір, нұр,
Көзің сенің аспан ба еді көгілдір.
Аспан болса,
Шұғыласын сағынып.
Сарылып,
Сарғыш тартты көңіл-гүл.
Көл тұңғиық көрсетпейді тереңін,
Аспан биік болжатпайды көлемін.
Екеуінің тамшы, нұрын аңсаумен,
Жан сәулем,
Шөлдеп, шаршап келемін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу