Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  73


Автор: Ақылбек Манабаев

ЕГІЛДІ АСПАН

Егілді аспан көздің жасын бұлап бір,
Еміп жатыр тамшыларды қырат-қыр.
Елегізіп өзің келмей қалғанға,
Бұлтпен бірге менің жаным жылап тұр.
Күн ашылды бал дүние балбырап,
Сусыл қақты сусындаған бал құрақ.
Ал мен тұрмын серги алмай сені іздеп
Көңіл күпті,
Денем мұздап, қалжырап.
Тандыр болып қатқан тамыр тез еріп,
Құлпырды қыр жапырақпен безеніп.
Өзіңмен кездесуді аңсаған,
Шөлдеуде тек менің ернім кезеріп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу