Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  88


Автор: Ақылбек Манабаев

БҰЛАҚ

Мойнына сұр тастың,
Көп тамшылар асылып.
Шыға келді бір тасқын,
Ойнақ салып, асығып.
Аяқтанған баладай,
Аунап ағып барады.
Тұсау кескен анадай,
Тау да бағып қарады.
Үн қосты да самалға,
Сыр ақтарды мүлгітіп.
Баурап алды табанда,
Құрақтарды шұлғытып.
Алысты аңсап, құлшынып,
Алға ұмтылып, жөнелді.
Сусындаған тіршілік,
Рахатқа кенелді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу