Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  171


Автор: Ақылбек Манабаев

АЛТЫН МЕН КӨМІР

І
Жолаушылап қос салт аты,
Елсіз түзде келе жатты.
Бірі атақты бай - саудагер,
Бірі ғалым парасатты.
Жолдастарын жолда дауыл,
Ұшыратты қазаға ауыр,
Жапан кезген екі бейбақ,
Кездесіпті тағдыр айдап.
Аңызақ жел ескен баяу,
Жандарына салып қаяу.
Азып - тозып келе жатып,
Аттары өліп, қалды жаяу.
Шаршаса да тоқтамады,
Бітер емес соқпақ әлі.
Керуен көшкен бір сүрелеуде
Олжаға олар тап болады.
Қоржын жатыр алдарында,
Еш пенде жоқ жан – жағында.
Жолда жатқан бұл олжанның
Байқады олар салмағын да.
128
Бір басында – алтын, күміс,
Жүзік, сырға, зерлі ыдыс.
Екіншсі - толы көмір,
Қара темір, жез бенен мыс.
Отша жанып екі көзі
Бар асылды жалғыз өзі.
Алмақ болып, серігіне
Саудагердің айтқан сөзі:
- Олжаны мен көрдім бұрын,
Өтірік пе, айтшы, мұным?
Алтынды алам, қалғандары
Болсын мейлі сенің жүгің.
Белге түйген беттің арын,
Дүниеқордың сыры мәлім.
Сондықтан да таласпай - ақ,
«Құп болады», - деді ғалым.
Бөгелді олар әлі құрып,
Қалжыраған жүздер сынық. . .
Сиқырлы бір көз қараспен
Бай тіл қаттыжалған күліп:
- Аңдып жүріп қақпан құрып,
Аузымыздан біреу жырып,
Несібені әкетпесін,
Қам жасайық сақтық қылып.
129
Бұл жерлермен талай жүріп,
Алған жанмын сырын ұғып.
Сондықтан мен күзетейін,
Сен ұйықта, дем ал тынық!?
Сөйлесе де қалбалақтап,
Сыры да бар қалған сақтап.
Ебі келсе білдірместен,
Құтылуға аила таппақ.
Тұрғаннан соң жақын тартып ,
Серігіне сенім артып,
Еш қаперсіз қалғып кетті,
Ғалымымыз бойы балқып. . .
ІІ
Тәтті ұйқыдан тұрды ғалым,
Көзін ашып шолды маңын.
Бұл не ғажап, саудагер жоқ,
Алып кеткен олжаларын.
Аңғарады да алданғанын,
Қапы қалып соқты санын.
Жас еді, ұқты тұңғыш рет
Қара ниет жандар барын.
Жанарлары отша жайнап,
Жауыздыққа тісін қайрап,
Көп іркілмей жолға түсті,
Бойға жиып жігер - қайрат.
130
Біраздан соң алдынан бір,
Көрінді апан - үлкен үңгір.
Бұл кіргенде, іші де оның,
Күңіренді қағып күңір.
Еппен басып таяп келді,
Шырамытты таныс өңді.
Көріп тұр ол тілсіз жатқан
Жол серігі - саудагерді.
Өлім сырын етсек баян,
Үңгір толы бақа - шаян,
Жолаушының ажалына
Бұлар себеп болғаны аян.
Тұла бойы кеткен үсіп,
Екі беті қап - қара ісік.
Дүниеқоңыз көз жұммыпты,
Алтындарын құша қысып.
Ел дәстүрін сақтап берік,
Тұрса - дағы шаршап тоңып,
Саудагерді алаңқайға,
Апарды да, келді көміп.
Енді аялдап көп тұрмады,
Көмірді алды қоржындағы.
Тасты шағып, көмір жағып,
Жылуына ол жырғады.
131
Жалын атып жанды көмір,
Содан қуат алды да бұл,
Алтындарды еліне әкеп,
Кедейлерге берді не бір...
Байлық үшін таласпаған
Ізгіліктен адаспаған,
Мақсатына жетті жігіт,
Биікке өрлеп жан аспаған.
Алтын –байлық, әсем, сұлу,
Көмірде бар мәңгі жылу.
Бәрінен де арың қымбат,
Керек мұны ұға білу.
Ер мұраты- сертте тұру,
Адалдықпен ғұмыр сүру.
Қысылшаңда өз серігін
Қиындықтан алып шығу.
Болсаң да ерен жан алыбы,
Басты парыз сана мұны,
Халқымыздың аңыз шерткен
Дейді осылай даналығы!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу