Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  117


Автор: Ақылбек Манабаев

Қысқы түн

Биыл қатты басталды қырдың қысы,
Сабылған сар сағымның бұлдыр түсі.
Қардың да жоталар мен жонды жапқан
Жылдағыдан артықтау бір қыртысы.
Жылан тілді үскірік ысылдай қап,
Сұр тұман - шымылдығын түсірді аймақ.
Жабысып етігіинің ұлтанына
Ақша қар сақырлайды тісін қайрап.
Үйірін бөліп, айдап қысырықтың,
Құйғытқан жылқышыны ұшыраттым.
Алыста қасқыр ұлып,
Боран боздап,
Тартады солқ-солқ етіп ішін ақ түн.
Ашынған жел ашуын жиып тағы,
Жүгіңді жұлқылайды иықтағы.
Жаураса да жұмысын жайлаған жұрт,
Жайлы төсек, жылы үйде ұйықтайды.
Шабаланған маң төбет құйрық тігіп,
Жөнелді ұясына құйғып кіріп,
Тек қаңтар - қаһарланған қара бура,
Ауылды аралап билік құрып..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу