Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  86


Автор: Ақылбек Манабаев

Аспаннан жұлдыз болып ақты қылау....

Аспаннан жұлдыз болып ақты қылау,
Ақ мамықпен тұмшалап бақты мынау.
Ақ ұлпаға аунап алып күлесің сен
Ерте келген,
Еркелеген шаттығым-ау.
Жә-жә, қалақам,
Басшы асау аптығыңды,
Үстіңе ауа жаңғырып, қақ тілінді,
Әйнектерге жапсырып қойғансың ба,
Қолыңдағы ақ қырау ақ гүліңді?
Қым-қиғаш жазулардай қардағы іздер,
(Шаңғы теуіп орман жаққа салғамыз жол)
Жүр, кәнеки,
Барып тағы алысайық,
Күміс тозаң жамылған талға біздер,
Боран болар,
Барады үдеп таңдағы ызың,
Таңдайыма басатын бар ма мұзың.
Көріп тұрмын,
Ұяттан қызарыпты,
Аямай аяз сорған алма жүзің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу