Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  64


Автор: Ақылбек Манабаев

СЫР

Нәр алып ақ сүтінен анашымның,
Өстім,
Ұқтым,
Жәдігөй кім,
Жанашыр кім.
Жетсем деп асыл арман биігіне,
Талабымның құнанын таң асырдым.
Көктем болып көркінен төгіліп саз,
Күзіне де үйретті өмір – ұстаз,
Аптапқа сап,
Аунатып ақ қарына,
От пен судан өткізді мені қыс-жаз,
Уақыттың меңзеп асқар, құз-белеңін,
Алдымда сайрап жатты із дегенің.
Бірақ та табуға өз соқпағымды,
Бел байладым,
Бедел-олжа іздеиедім.
Келемін қиынға сап өзімді кіл.
Тер төктім,
Шыңдау үшін сезімді гүл.
Болсам деймін:
Қайла ұстаған қатардағы
Асыл жырдың кеншісі төзімді бір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу