Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  126


Автор: Ақылбек Манабаев

Көгілдір көктем...

Көгілдір көктем,
Кел, көктем,
Жасқанба,
Қане, төрлет сен.
Мамырстан маңайды
Лебіңмен майда тербет сен.
Құлпырсын қырым баладай
Күліп ойнаған жөргектен.
Жасандыр мынау алқапты
Жазылып жатқан көлбеп кең.
Құмдардың шөлі қансын бір,
Жаңбырыңды құй селдеткен,
Сағындырды сәуірдің
Сәулесі нәзік жерді өпкен.
Қиқулап келер құсыңды
Қиыла күтті көл көптен.
Көгілдір көктем,
Кел, көктем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу