Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  101


Автор: Ақылбек Манабаев

БҰЛАҚ

Мойынына сұр тастың
Көп тамшылар асылып.
Шыға келді бар тасқын,
Ойнақ салып, асығып.
Аяқтанған баладай,
Аунап ағып барады.
Тұсау кескен анадай,
Тау да бағып қарады.
Үн қосты да самалға,
Сыр ақтарды мүлгітіп.
Баурап алды табанда,
Құрақтарды шұлғытып.
Алысты аңсап, құлшынып,
Алға ұмтылып, жөнелді.
Сусындаған тіршілік,
Рақатқа кенелді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу