Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  65


Автор: Қатира Жәленова

ТОРЫҒУ

Міндеті зор жақынымның,
Жақсылығын бұлдап жатқан.
Мен де бұлдап Хақымды мың,
Санассам ба,
Ей, Жаратқан!
Кемдік болмай қолдауымда,
Жазып жүрек жарақатын.
Менің-дағы сол бауырға,
Тиіп еді-ау, шарапатым...
Дүние кезек...
Тарынбайын,
Қадіріме жетпеді деп.
Бұлдаса да,
Қағынбайын,
Бәлкім, маған өткені көп...
Тау дегенім
Төбешік те.
Көл дегенім
Көлшік екен.
Мойнымдағы берешекке,
Амал нешік, көншіп өтем.
Бұлт үйірмей,
Ашыл көңіл,
Несіне айтам өкпені көп?
Ашу – дұшпан.
Басыл көңіл,
Аласұрма текке жүрек!
Бұрын бұлай сатпайтұғын,
Жасаушы едік сауапты істер,
Сол сауапты сақтайтұғын,
Аллаһ, өзің ғажап күш бер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу