Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  382


Автор: Танакөз Толқынқызы

ШАРШАДЫМ

Шаршадым. Қатты шаршадым.
Күнде-күнде өлуден шаршадым.
Өзімді қуғында жүрген адамдай
сезінуден шаршадым.
Біреуге билік жүргізуден шаршадым.
Жеңілуден, тоналудан, керең болудан,
ұмыт қалудан, сатқындықтан
шаршадым.
Шаршадым. Қатты шаршадым.
Желдің қуыршағы болудан шаршадым.
Құдіретті сақалды ергежейлі биікте
отырып алып бізге күлуі керек екен,
ол бізді жіппен басқарады,
билетеді.
Сол қолдардың қалауымен мен аяғымды
қозғалтамын.
Жылаймын, сосын күлемін, тістеймін,
ғашық боламын,
көзге шөп саламын,
ұмытамын.
Шаршадым. Қатты шаршадым.
Өзім бәрінен жақсы көретін
адамдарымның қасынан қайырылмай
кетуден шаршадым.
Сынаптай аққан өзен сияқты
жаным ауырып,
құятын өз арнамды іздеп келемін.
Шаршадым. Қатты шаршадым.
Қартайғанда жалғыз қалудан шаршадым.
Ең бір бақытсыз, зәрлі кезеңдерді
жасырудан шаршадым.
Арман әлемінде өмір сүруден шаршадым.
Өмір мен махаббаттың қалай өлетінін
көруден шаршадым.
Шаршадым. Қатты шаршадым.
Көшелердегі өтірік, жалғандық пен
жек көрінішті,
ызаны сезінуден шаршадым.
Тыныштық пен сабыр сақтаудан
шаршадым.
Қарнымды көтеріп жүруден шаршадым.
Галстук тағудан шаршадым.
Және сондай мұңды көздерімнен
шаршадым.
Иә, иә, шаршадым. Қатты шаршадым.
Әлсіреп, тоз-тозым шығып
жүруден шаршадым.
Ештеңеге қажет еместігімді
сезінуден шаршадым.
Күнә жасаумен ғана айналысудан
шаршадым.
Және жылаудан шаршадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу