Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  121


Автор: Танакөз Толқынқызы

Қара тізім ішінде де ақ сәулеге шомылдым.

Қара тізім ішінде де ақ сәулеге
шомылдым.
Жалғыз қалған сәттерде де көп балалы
сезіндім.
Қаралы күн қара бөлме ішінде сан
ояндым,
Періштелер қанаттарын қағып-қағып
жіберіп,
Өмірімді һәм ауамды түрлі түске бояды.
Қауқары жоқ қария не әжімді қарт
болмаса,
Қорқынышты жас боп мүлде көрінбейді
ол да аса.
Ал біреудің қарттарға тән «тереңдігі»
кей кезде
Сәуленің де көрсетеді қап-қара дақ екенін
Шуақтан да дақ көрген соң тітіркеніп
кетемін.
Айырма не? Ауыстым да аппақ
сәуле дағынан,
Шыға келдім түнек дағы – қара
сәуле жағынан.
Ұмытылмас інжіл жырын оқып
жұлдыз кітаптан
Төбемізден қарап тұрған шоң
көздерді сағынам.
Аспан асты әлемінен ары кеткен тереңдеп,
Ағып жатты аппақ ұйқас тамырымда
мені емдеп.
Жалғыз қалған сәттерде де көп балалы
сезіндім
Қара тізім ішінде де сәуле шашып
келем мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу