Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  86


Автор: Танакөз Толқынқызы

ЖҰМАҚҚА ЕСЕКТЕРМЕН БІРГЕ БАРУДЫ ӨТІНГЕН ДҰҒА

О дүниеге кетер күні, құдайым,
Бір тілекті қабыл қылшы ылайым.
Ағаш біткенді айналып өтіп асықпай
Демалыс күні кешкілік
жолға шығайын.
Есекті сөз жоқ кездестіремін көшеден,
«Мен – Жаммын» – деймін оларға.
«Осы жер менің тұрағым».
Шабуыл жасап маза
бермеген шыбыннан
Қайшылап сілкіп, қорғаған
ұзын құлағын
Сол есектерді адал дос санап өзіме
Жұмаққа бірге баруын бізбен сұрадым.
Құдайым, маған келісім берші осыған,
Қылжақбастардың жүк арбаларын
тасыған,
Жотасы жүктен, жүрегі
теңнен жасыған,
Ара шағып тән жарасы ашыған,
өтетін ылғи бүгжеңдеп,
қыш құмыралар тиеген күйме қасынан,
аяқтарын қиралаңдап басатын,
жаны жара құл есекке қосылам.
Алмалары дірілдеген кәусар
бұлақ үстінде
Кедейлікті жотасына арқалаған
міскінге.
Қара жұмыс жасап өткен,
жұмсап қажыр күш күнде
Сол есекпен бұйырта гөр
Жұмаққа бір баруды
Кәусарыңнан бірге татып,
бірге сусын іштім дер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу