Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  120


Автор: Танакөз Толқынқызы

БІЗ – ТАУЛЫҚПЫЗ

Біз – таулықпыз,
таудың сырын білеміз,
Тау күзетіп, тауда түнеп жүреміз.
Кез-келген кеп тау мінезді адамның
Жүйкесіне тимесін деп тілеңіз.
Біз – таулықпыз, таудан үлгі аламыз.
Керек болса, таудай қорған саламыз.
Қандай қиын сәттерде де үгілмей
Тау мінезді таулық болып қаламыз.
Біз – таулықпыз, тек биікке барамыз,
Бауырмалмыз ажырамас арамыз.
Екі сөйлеу таулықтарға жат қылық,
Жан береміз таусылғанда шарамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу