Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  61


Автор: Танакөз Толқынқызы

Бәрібір үзер едім ноқтам болса...

Бәрібір үзер едім ноқтам болса,
Ол – сенсің, жерде құйын соққан болса.
Мен неге өртенбеуге тиістімін
Егер де бар болмысым оттан болса.
Өртенем. Ойланбастан жанып кетем!
Жаныма енген кезде жарық бөтен.
Сіз айтқан аңыз қылып ана дүние
Біздерге бола алмайды анық мекен.
Шындыққа шүйліккен бұлт қалың екен,
Бойыма біткен сорым – бағым екен.
Таң қалып үлгерместен аспаныңнан
Жарқырап жанып тұрып ағып өтем.
Тоқтайды тау көшкіні тоқтам болса,
Ағамыз айтқан сөзің оқтан болса.
Мен неге өртемеуге тиістімін,
Егер де бар болмысым оттан болса?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу