Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  76


Автор: Танакөз Толқынқызы

Жүрегімнің шашы ағарып кеткенін...

Жүрегімнің шашы ағарып кеткенін,
Шабытымның шоң бурасы шөккенін,
Жас болсам да жастығымның өткенін
Білемін ғой, білмейді деп жүрсің бе?
Әжім-әжім көңілімнің қабағы,
Тағдырымды бұлттар жапқан жабағы,
Үмітімнің сынып қалған сабағы
Білемін ғой, білмейді деп жүрсің бе?
Қасіретім күннен-күнге гүлденіп,
Шаттығымның тілі қалған күрмеліп,
Ал бақытым кетті желмен үрленіп
Білемін ғой, білмейді деп жүрсің бе?
Жаназамды шығаруға өлеңмен,
өлең іздеп өмірімнен келем мен.
Көнермейтін жаққа кетпек ойым бар
Көтеріп ап көк дәптерді көнерген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу