Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  64


Автор: Танакөз Толқынқызы

СТРАСБУРГ

Кішкентай ғажайып қалашық
Жұлдызбен жатады жанасып.
Таусылып жүргенде тағдырдың
Сыйлаған бақыты жаны ашып.
Түнін-ай Альзастың тұп-тұнық,
Тыныштық ернінде
шық тұнып.
Қалғыған бір сиқыр барлығын
Тұратын секілді
ұқтырып.
Өсем бе, кім білсін,
өшем бе?
Әлде бір жүрекке
көшем бе?
Әйтеуір шабыттан мас болып,
Келемін теңселіп көшеңде.
Сыймайтын сұлулық ақылға
Жұлдызға деймін-ау жақын ба!?
Бір кезде тал бесік болдың ғой
Кішкентай, белгісіз ақынға.
Жүргенде адасып, бал ашып,
Көзіме орнаған қарашық.
Мен сені соншалық сүйемін,
Кішкентай, қуыршақ қалашық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу