Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  63


Автор: Танакөз Толқынқызы

ӨМІР

Ол бір гүл-тін өсетін тек жүректе,
Мен – бір мұңмын оянатын түнекте.
Мен келгенде жабылады қауызың
Жүрегіңде жүр-ау, сірә, бір өкпе?
Күдер үзген күрсінісім жасып мың,
Қыз өмірдің қызығынан қашыппын.
Ерегеске толы мынау тағдырда
Сенен гөрі сол өкпеге ғашықпын.
Көңіліңе күз жазған ғой кілемін
Жылағым кеп тұр ғой, неге күлемін?
Сүймеймін деп қасарысқан көзіңнен
Шексіз ғашық екеніңді білемін.
Көзің неткен алдамшы еді өзіңдей
Шыққаныңды білем түнде көз ілмей.
Оқасы жоқ, опасы жоқ тірлікте
Сезімімдей өте шығам сезілмей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу