Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  127


Автор: Танакөз Толқынқызы

Ұмытып кеткен шығарсыз...

Ұмытып кеткен шығарсыз,
Жылытып басқа жүректі.
Сіз ұтып кеткен шығарсыз,
Білектен тартып бір епті.
Қаламымменен көктеймін
Қанаты сынған құсымды.
Ұмытып неге кетпеймін,
Ұлытпай кеуде тұсымды?
Түбінде шыңнан құлар қыз
Білді ме жерді құшарын.
Ұмытып кеткен шығармыз
Бақтың да бастан ұшарын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу