Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  85


Автор: Танакөз Толқынқызы

Жоғары шық, жан досым, бақытсыздық!

Жоғары шық, жан досым,
бақытсыздық!
Босағада тұрмаңыз, мәртебелім!
Жақұт қызды жіберген бақытсыз ғып
Қасіретім – мәрт және де мәрт өлеңім!
Адалым-ау, сен емес Хақтың кәрі
Достықтың да көрдім мен сынап күшін.
Уақыт, байлық, атақ-даңқ –
сатқын бәрі
Бақытсыздық - сен ғана тұрақтысың.
Жалғыздықтың, түсіндім, болмас емі.
Жоғары шық, жан досым, бөгелмеңіз!
Ақындықта шатағым болмас еді
Жолықпасақ, о баста, егерде біз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу