Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  83


Автор: Танакөз Толқынқызы

Біреуде солмайтын гүл бар....

Біреуде солмайтын гүл бар,
Біреуде сөнбейтін күн бар,
Ақылды бәрі:
Аллаға жүгірген құлдар,
Уағызы таусылмас діндар,
Сендердей адалдық жоқ менде
Құдайдың алдында бұлдар.
Бар болса кеудемде
өзіңіз орнатқан мұң бар.
Ешкімді сүймейтін дәруіш жанымды
Жалғанда ұғатын кім бар?
Мен де бір жарыққа ұмтылған көбелек,
Жанымнан алдыңдар не дерек?
өзі отқа ғашық боп көрмеген
жындыға теңемей не демек!
Көлеңкең болуға даяр ем
Сен мені Ғайсадай крестке
кеткенде шегелеп.
Бәлкім, біз сол сынды өлер ек.
Бірақта сүюді ұмытқан ғасырда
Осының барлығы не керек?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу