Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  84


Автор: Танакөз Толқынқызы

Жүректен жыр, көзден тамшы боталап...

Жүректен жыр, көзден тамшы боталап,
Тау тағдырымның төсіне
Жыласам ба екен жата қап.
Бір сорлының күлкісіне қаталап,
Қаңғып жүрмін қайыр сұрап
Шаһарында Музаның
Сол үшін де үстем болсын мерейің
Жоғары мәртебелі махаббат!
Қанымды іштің, қысылмағын,
қанып іш
Тау қозғалтатын мінезіңмен
Қолыңыздан келеді бұл алып іс.
Кеудеме кеп жасай бермей
жарылыс
Бұл сезімді менен аулақ алып ұш.
Қаңғып жүрмін қайыр сұрап
Өң мен түстің ішінде
Сол үшін де үстем болсын мерейің
Жоғары мәртебелі, Сағыныш!
Он ғасырға жасайтындай секіріс
Тауы шағылмас жүрекпен,
Өлмейтұғын оқырманға
жазып кетем өтініш.
Қирап жатыр үмітімнен
тұрғызылған бекініс,
Кезіп жүрмін қайыр сұрап
Өмір, өлім арасын
Сол үшін де мерейіңіз үстем болсын
Жоғары мәртебелі, Өкініш!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу