Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  102


Автор: Танакөз Толқынқызы

Тәкаппар жүректі жасыттым.

Тәкаппар жүректі жасыттым.
Белгісіз бір жаққа асықтым.
Жанымнан безердей күйдемін,
Мен сорлы, расында, ғашықпын.
Ей, бұлттар, ей,
бұлттар қара көк,
Өзіңмен
мені де ала кет.
Ала кет, әйтпесе кішкентай
Ақынды қояды нала жеп.
Құлқым жоқ
аспанды тіреуге.
Құлқым жоқ
жұлдызға түнеуге.
Айқайлап жылағым келеді,
Еңкілдеп ағылып біреуге.
Еһе-хей, қара түн, қара түн,
Қапыда сынды ғой қанатым.
Сен ғана бейкүнә сезімге
Куәгер боп мәңгі қалатын.
Көздерім! Сен оны көрмеші
Қай құдай әкелді жерге осы
Сығалап шаршадым күлкіңді
Көңілімнің дірілдеп пердесі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу