Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  91


Автор: Танакөз Толқынқызы

Есіміңді бейжай ести алмаймын:

Есіміңді бейжай ести алмаймын:
Бірде ұяң, бірде батыл сезіммен,
Бірде ұялып, бірде қорқып өзімнен,
Қарап тұрып телефонға көзіммен,
Кейпімменен күрең ойдан езілген
көңілімді
дәл бүгіннен қалдырмай
саған қоңырау шаламын деп алдаймын.
Ерінімнің күбірі,
Әрең шыққан дауысымның дірілі
трубкадан сен көтеріп тыңдаған,
басып өтіп шақырымды мыңдаған
жүрегіңді сұлулығын бұлдаған,
жүрегіңді жүрегімді ұрлаған,
шым еткізе алар ма екем бір сәтке
әрең шыққан дауысымның дірілі.
Есіміңді бейжай есту
мүмкін бе?
Есім кетті...керек екен
бұл кімге?
Сағынышым!
Айтарыңды айт, іркілме
Сабыр да жоқ, тоқтам да жоқ бұл күнде
Сезімімнің қоңырауы шырылдап
Жалғыз жүрек кетті ілесіп күлкіңде
Есіміңді бейжай ести алмаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу