Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  87


Автор: Танакөз Толқынқызы

Сенің күлкің ауыртады жүректі....

Сенің күлкің ауыртады жүректі,
Көздеріңде мен
жоқ болған соң шығар?
Көкіректе бір қызғаныш дір етті
Ол да мүмкін
маңдайдағы сор шығар?
Күн жүзіңе күліп қарай алмаймын,
Жасыра алмай жүрмін және
мұңымды.
Өзімді де, алдай алмай сені де
Шат күлкімнің жапырағы
жұлынды.
Кірпігіңде бір мұң өмір сүргелі
Сүйгім келіп тұрады ылғи көзіңді.
Біздің өмір неткен шексіз күрделі,
Жоғалтатын шығармын мен өзімді.
Мына жолмен жүрем ылғи сен өткен,
Аймалауға демің сіңген ауаны.
Саған тисін деп тіледім кенеттен
Жауабы жоқ өмірімнің сауабы.
Сені көру үшін ғана келем мен
Ешкім сезбес көз ілмеген таңымды.
Тым алаңсыз сенің күлкің дегенмен
Ауыртады неге осынша жанымды?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу