Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  70


Автор: Танакөз Толқынқызы

Жүрегімді көр енді бар емдетіп

Жүрегімді көр енді бар емдетіп
Бүгінімнен ертеңге әрең жетіп,
Қаншалықты сағынсам, соншалықты
Қорқам сені көруден зәрем кетіп.
Кенет кіріп келсең сен трамвайға,
Осынша тар көлікте сыйам қайда?
Көрмеген боп кетем бе түсіп одан
Көрсем деген қалады қиял қайда?
Жапа шегіп күнәһар сағыныштан
Әрі өзі періште, әрі мыстан
сезіміммен мың мәрте салғыласып
Қашам сосын өзімнен алып ұшқан.
Сені сүйген, іздеген мен емеспін.
Соны ойласам күлдей боп келеді өшкім.
Көзіңдегі сиқырмен неге ойнадым,
Махаббатпен несіне ерегестім?
Сезіміме түскен сен ұрысың ба?
Тұрсың неге көңілдің бұрышында?
Уақыт өзі емдемей асқындырған
Тырнағымның тағдырым тұр ұшында.
Жүрегімді көр енді ал емдетіп
Бүгінімнен ертеңге әрең жетіп,
Қаншалықты сағынсам, соншалықты
Қорқам сені көруден зәрем кетіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу