Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  52


Автор: Танакөз Толқынқызы

Даланы көрші, ақ жаңбыр басылған шығар

Даланы көрші, ақ жаңбыр
басылған шығар,
Ән салып тұр ма әз көркін
жасырған шынар?
Бас ұрған шығар әйнекке соқыр сағыныш
Солқылын жанның жаңбырға
жасырған шығар...
Тазалық сенен аңқиды асылдан шығар,
Жаңалық – жалғыз өзіңсің
ғасырдан сұрар,
Кемпірқосақтай әлемім әлегін салып,
Аспанның барып мойнына
асылған шығар?
Жолдарды көрдім жондармен
жосылған шұбар,
Жолымыз, бәлкім, бір жерде
қосылған шығар?
Жаңбырға қарап тосылып
көрмеген басым,
Тек сені көріп қалған соң
тосылған шығар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу