Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  95


Автор: Танакөз Толқынқызы

ТАҒДЫР БІЗГЕ ОНДАЙ УӘДЕ БЕРГЕН ЖОҚ

Тағдыр бізге ондай уәде берген жоқ,
Жақындауға, лапылдауға өрт болып.
Әлем мұндай алапатты көрген жоқ,
Аласұрам кететіндей мерт болып.
Қауіптенбе, ештеңе де болмайды,
Ауыр қылмыс жасамаймыз тасада.
Тіс жармаймыз, сөйлемейміз ол жайлы,
Сөйлемейді жапан түзде тас оба.
Үздігеміз басын шалып әрненің.
Маңызды сөз іште кетер айтылмай.
Жақындауға жетер емес дәрменің,
Бағытыңды алмаған соң айқындай.
Айтылмайды ең соңғы сөз тоқ етер,
Мені бұлай жындандырма ғашық қып.
Жойқын оттан жақындасаң лап етер,
Құтқарып тұр мәртебелі қашықтық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу