Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  81


Автор: Танакөз Толқынқызы

СОЛАЙ ШЕШТІМ

Солай шештім.
Мен сізбен жолықпаймын.
Мен жынданып кетуден қорықпаймын.
Мені қайта өртеуге шамаң келмес,
Шамаң келсе,
сыйлап кет тобықтай мұң.
Тобықтай мұң жетеді өлмеу үшін,
Жаққан отың жалп етіп сөнбеу үшін.
...сағынышты Құдайдан сұрап алам
Өмір бақи өзіңе шөлдеу үшін




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу