Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  80


Автор: Танакөз Толқынқызы

Бұл шаhарды тастай қашсам...

Бұл шаhарды тастай қашсам...
Жыр мұңын
Жынданды деп ойлап қалар
жел құрбым.
Сен жоқ жерден тау бергенше,
Құлдығым,
Сен бар жерден құлап өлер
бер құрдым...
Шұғынық гүл жаурағанын ұғынып,
Көктем! Сені жылытқым кеп тұрғаны...
Жақындашы! Жан дүниеңе тығылып
Бар дүниені ұмытқым кеп тұрғаны..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу