Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  77


Автор: Танакөз Толқынқызы

Түн жөтеліп, ауырса Күн...

Түн жөтеліп, ауырса Күн,
Жан жағымнан жабылса мұң,
Сені көріп жадыраймын,
Балапаным, бауырсағым.
Өз бақытын кім жүр аңдап?
Көрмеппін-ау бір жыр арнап.
Құлыным-ау! Құлдығым-ау!
Құнжыңдаған құлдыраңдап.
Әлденені сұрап жатыр,
Қылығында жұмақ жатыр.
Жұпарынан ішіп көрші
Шөл қанбайтын бұлақ жатыр.
...Қалсын қарыз өтелмеген?
Бәрін тастап кетем дегем...
Сені ғана қимайды екем,
Қонжығым-ау, тепеңдеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу