Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  99


Автор: Танакөз Толқынқызы

Мақсат емес мәңгілікке айналу....

Мақсат емес мәңгілікке айналу,
Мені бірақ мәжбүр етті өлмеуге.
Мәңгілікке алып келді ойлану,
Оянғанды асықпаңдар жерлеуге.
Не итерді өлмес өмір жолына?
Ұсақ тірлік аласалық етті ме?
Кісен сала алмағандар ойыма,
Жүгіріп жүр мола салып, тек, түге...
Бізді жұлдыз және ғасыр бөліп тұр,
Бір күн мен де жоқ боламын араңнан.
Мәңгілікті мәз болыңдар көріп бір,
Мен құтылам ашкөздік пен араннан.
Мені өлім ала алмады. Ар алды.
Құлыншақпын қос әлемді тел емген.
Мәңгілікпен жалғау үшін арамды
Көпір салдым өлмейтұғын өлеңмен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу