Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  78


Автор: Танакөз Толқынқызы

СҮЮ ДЕ БІР, ӨЛУ ДЕ БІР, О, ТОБА.

Аждаhадай мен жұтып жатырсын!
Өлтір мейлі, жалқы және жақынсың.
Қасіретіңе ала кетші тастамай,
Нәубетіңе іздеп барам, шақыр шын.
Өлтіре алмас мені сойған ота да,
Сенсіз өмір сүре алмаймын! Атама!
Мені жұтып тынады деп рас айтқан
Сүю де бір, өлу де бір, о, тоба.
Екі метр қиярсың жер телімін.
...Садақаға беріп кетер өмірін,
Сүю де бір, өлу де бір... Сонда да
Тимендерші! Ол – озімнің өлімім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу