Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  126


Автор: Танакөз Толқынқызы

Түсінеді... Қайда барар?.. Ол да адам...

Түсінеді... Қайда барар?.. Ол да адам...
Бұндай сезім бұрын менде болмаған...
Көздеріңнен сүйіп алғым келеді
Көктем болып елестейді ол маған!
Сөйлеп қалсаң, ұшқым келіп қомданам.
Үнсіз қалсаң, өз-өзімнен қорланам...
Сырын елге өзі жайса өлеңім,
Сұқ көздерден қалай, қайтіп қорғанам?
Жол тым ауыр... Шоқайым тар,
шоң ғалам!
Іздер ме едім, болсам мұнша тоңбаған...
Көздеріңе батып өлгім келеді
Күншуақ боп елестейді ол маған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу