Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  96


Автор: Танакөз Толқынқызы

МІНЕЗ

Көп болса, бір бұлт жылар
маған ғашық,
Көп болса, өлең туар ширатылып.
Мен саған қол созбаймын амандасып,
Жер қылып жігерімді қират ... ...
үгіп...
Көп болса, бір найзағай атылады,
Көп болса, өмір менсіз жалғасады.
Азайып жер бетінің ақымағы,
Бір ақын бір ақылмен алмасады.
Жасындай жарқ-жұрқ етер текті өлеңім,
Қолтаңба сұрап бұлттар ерген кезде,
Жәбір мен озбырлықты жек көремін
Мен саған қол созбаймын көрген кезде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу