Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  77


Автор: Танакөз Толқынқызы

Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып...

Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып,
Пышағын біреу ұмыт қалдырғандай...
Ауамды әкеткендей жұлып алып,
Жайрадым, жанымды өртке
алдырғандай.
Не өлмей, не босанбай пышағынан,
Көзіме жаным келіп көрінгенде,
Ажалдың қысылғанда құшағынан,
Мен көмек күттім, сенсең,
өлімнен де...
Сыздықтап аққан қанмен өлең жазып,
Қалдырып кетем саған қалқан етіп.
Тіліммен өз көрімді келем қазып,
Мінезбен тағдырымды талқан етіп




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу