Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  92


Автор: Танакөз Толқынқызы

МЕН ЖАБЫҚСАМ, СЕНІ ҒАНА КҮТЕМІН

Тозаңда да ішкі қуат болады,
Тамшының да салмағы ауыр білгенге...
Көлеңке де күш көрсетер ол да әлі,
Жаның мұздап қоя берер бір демде.
Әжем жүнін, мен мұңымды түтемін,
Ол ұршығын, мен мұңымды иірем.
Мен жабықсам сені ғана күтемін,
Өлең жазып аққулардың биімен.
Тамшының да кешірмесін түсініп,
Тұманданып бара жатты көз алдым.
Бақ-бақ гүлін үрлеп қалып ұшырып
Қорқып кеттім жәбірінен тозаңның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу