Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  89


Автор: Танакөз Толқынқызы

Гүлдерді де өлтіреді у қайғы....

Гүлдерді де өлтіреді у қайғы,
Жапырағы жан тапсырып шулайды...
Бір жақынын жоғалтқандай ... зырқ етіп
Байғұс жүрек көндіге алмай тулайды.
Мен түсіндім гүлдің неден өлгенін,
Суға емес, мейірімге шөлдеді.
Немқұрайлы пейілдерден қураған
«Өлім деген осы болар! Көр!»-деді.
Егізің ем кесілмеген кіндігі,
Көңіліңнің ашпай қойдың түндігін.
Мені де жұрт мұңнан өлді дер ме екен,
Назарыңа шөлдеп өлсем бір күні..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу