Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  69


Автор: Танакөз Толқынқызы

Әлдекімдер шын ғанибет деп білген...

Әлдекімдер шын ғанибет деп білген,
Әлеммін мен жаратылған тек гүлден.
Сізге деген құштарлықтан құлпырып,
Пенде емес, перизат боп кеттім мен.
Мен жеңілдім, жеңілгендей
шық гүлден,
Сенсіз өмір сүре алмасын ұқтым мен.
Сізге деген сағыныштан сарылтқан
Қыз қалыптан ханшайым боп
шықтым мен.
Гүлден мұңды боламын деп сөз бердім,
Күннен нұрлы боламын деп сөз бердім.
Сізге деген махаббаттан өлмейтін
Ақын едім... адам болып өзгердім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу