Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  112


Автор: Танакөз Толқынқызы

Керегі жоқ жарықтың да, шамның да..

Керегі жоқ жарықтың да, шамның да,
Сен отырсың сол әдептен оза алмай...
Өлең оқып отырмын мен алдыңда,
Жанымды оқып отырсың
сен көз алмай.
Мың жүректі өртегенмен күйдіріп,
Бір жүрекке жетпей қалған дауыспын...
Кофе ішіп отырмын мен құйдырып,
Ал сен мені көзбен ішіп таустың.
Анау кальян, ал мен азап шекеннен,
Мына ғалам өзгермейді... сіз келіп.
Көше көйлек киіп алды көктемнен
Жақсы еді ғой шешіндірсе күз келіп...
Тағы да сол. Сол жағалау кафесі.
...Шығарып сал, күртешемді кигізіп.
Менікі емес, бұл көктемнің қатесі
Абайсызда алған беттен сүйгізіп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу